Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Отан неден басталады?» халықаралық студенттік дизайнерлік көрмесі | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Отан неден басталады?» халықаралық студенттік дизайнерлік көрмесі


25 желтоқсанда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Отан неден басталады?» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай халықаралық студенттік дизайнерлік конкус-көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына ҚР мәдениет қайраткері Өтешева Гүлнар Ташкенбайқызы (Астана), ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Комутов Жанат Какенұлы, Орталық Қазақстан Академиясының доценті Лагода Лариса Викторовна (Қарағанды қ.) және тағы басқалар, сондай-ақ шараға Теміртау қаласы Ғ. Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында қонақтарға қатысушылардың жұмыстары ұсынылып, көрме тұжырымдамасы ашылды. Отанға деген махаббат деген не? Бұл өз отбасымызға және туған елге деген махаббат. Бұл туған өлкенің табиғатына, отбасы мен көршілес өмір сүретін халықтарға деген сүйіспеншілік.
Өтешева Гүлнара Ташкенбайқызы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығына сыйлық ретінде картина табыс етті.
«Отан неден басталады?» атты халықаралық студенттік дизайнерлік көрме шығармашыл жастардың туған өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне деген көзқарасын жүзеге асырды. Оған Орталық Қазақстан академиясы (Қарағанды), көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі (Қарағанды), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Самара мемлекеттік инженерлік-құрылыс университеті (Самара қ., Ресей) студенттерінің жұмыстары қатысты. Экспозицияда кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, сәулеттік макеттер мен коллаждар қойылған.
«Отан неден басталады?» халықаралық дизайнерлік студенттік көрмесі 2019 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308