Жылжымалы көрме
«Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК 2017 жылдың 30 қарашасында Тұңғыш Президенті күніне арналған жылжымалы көрме өткізді. Көрме Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі және М.Әуезов атындағы кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылған.
Көрмеге Ұлт Көшбасшысына әр жылдары түрлі елдердің делегаттары тарту еткен кәдесыйлар қойылған. Олар біздің еліміздің саяси өмірінде болып жатқан түрлі тарихи оқиғалардың куәгері болатын өте сирек кездесетін заттар.
Жылжымалы көрме Серік Сапиев атындағы бокс орталығында өтті.