Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жетістіктерінің көрмесі туралы АҚПАРАТ

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 2017 жылдың 15 маусымы күні Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жетістіктері туралы көрменің ашылуы болып өтті. Көрмеге әртүрлі білім беру жобалары мен фестивалдарға («Шаңырақ», Вookсrossing) қатысу үшін жасалған оқушылардың жұмыстары, спорттық жарыстар мен зияткерлік ойындарында алған марапаттары, әртүрлі оқиғалар мен атаулы даталардың фотосуреттері мен сертификаттары ұсынылды.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің білім беру жобалары, зияткерлік ойындар, жасөспірімдер олимпиадалары, «Википидия» клубы сияқты шаралары оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырады, командалық жұмыс жасауды қалыптастырады,өзге көзқарастар мен пікірлерге құрметпен қарауға үйретеді, балаларды шығармашылық жұмыс пен ғылыми зерттеулерге тартады.

Әртүлі шығармашылық ұжымдар қатысқан көрменің ашылуы қызықты бағдарламамен жүргізілді. Іс-шараға Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Туған елге тағзым» бағдарламасы бойынша Орал және Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 30 оқушысы мен оқытушылары, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.