Базар жырау Оңдасұлының 175 жылдығына арналған «Қазақты сүттей ұйытқан…» атты әдеби-сазды кеш туралы

2017 жылдың 25 шілдесі күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында халқымыздың белгілі ақыны Базар жырау Оңдасұлының 175 жылдығына арналған «Қазақты сүттей ұйытқан…» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығын кең жұртшылыққа насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде халқымыздың бай рухани құндылықтары мен мәдени-әдеби мұрасын дәріптеу.

Әдеби-сазды кешке қала әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы Теміртау қалалық филиалы, Қоғамдық кең
Іс-шара барысында қатысушылар назарына Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар ұсынылды, дәстүрлі әндер орындаушылары жыраудың өмір, адамгершілік, өз заманындағы әлеуметтік туралы пәлсапаға толы толғаулары мен термелерін жырлады. Өнерпаздардың ішінде Базар жыраудың термелерін орындаған Дабылов Сәбит, Ерлан Бекмұратовтың өнерлері көрермендердің ерекше құрметіне ие болды. Ұлы жыраудың тікелей ұрпақтары мен жерлестері ол туралы естеліктері мен ойларын ортаға салды. Сәулетші Сейітов Нұрхан Орталыққа өзі дайындаған Базар жыраудың шежіресін, суретші Меңліқұлов Шарапат жыраудың портретін тарту етті.

Әдеби-сазды кеш соңында іс-шараға белсенді қатысушылар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Базар жырау Оңдасұлының 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаларды орындау жолындағы маңызды қадам болды.
естің өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Базар жыраудың тікелей ұрпақтары мен жерлестері қатысты.