Қарағанды мен Теміртау тарихы – замандастардың көзқарасы және заманауи көзқарас
Тамыздың 9–нан Тұңғыш Президенттің тарихы-мәдени орталығында «Қарағанды мен Теміртау тарихы -замандастардың көзқарасы және заманауи көзқарас» атты көркемсурет көрмесі жұмыс жасауда.
Көрме екі тақырыптық бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 1950-1980 жж және «соцреализм» бағытында жұмыс жасайтын белгілі қазақстандық қыл қалам шеберлерінің шығармалары қойылған.Олардың ішінде – С. Ф. Шкурацкий, К. Я. Баранов, А. Дроздов, Р. Есіркеев және т.б. танымал қазақстандық суретшілердің жұмыстары бар. Жұмыстар әр түрлі техникада орындалған. Олар Қарағанды мен Теміртаудың қалыптасуы туралы, біздің қалаларымыздың дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалар туралы әңгімелейді.Көрменің екінші бөлімі осы тақырыпқа арналған заманауи суретшілердің жұмыстарынан тұрады. Олардың арасында О. Дроздов, М. Әбілқасов,
М. Аманбаев сияқты белгілі есімдер бар.
Көрме жұмысы 2019 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады.