«Әділдік – құқықтық мемлекет құрудың негізі» атты семинар өтті


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы «Әділдік – құқықтық мемлекет құрудың негізі» атты семинар өткізіледі.
Мемлекет басшысының «Игілік баршаға: Сабақтастық. Әділет. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысы құқық қорғау органдарының жұмысымен танысу, облыс тұрғындарын Президент бағдарламасындағы алға қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыруға ықпал етуге бағытталды.

Іс-шараға Қарағанды облысы прокуратурасы, облыстық сот, облыс полиция департаменті басшыларының орынбасарлары, Теміртау қаласы прокуратура, сот, полиция мекемелерінің қызметкерлері, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаттары, «Нұр-Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, қаланың қоғамдық ұйымдарының басшылары, ҚР ІІМ Оқу орталығы тыңдаушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның басында ҚР Президентінің 2019 жылдың 12 маусымдағы қызметіне ресми кірісуіндегі сөйлеген сөзі туралы бейнебаян көрсетіледі. Содан кейін Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма басшысы Ахметов Бекзат Қалқаманұлы «Қарағанды облысы прокуратура органдарының ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша міндеттері», Қарағанды облыстық сотының судьясы Нұрмағамбетова Қарлығаш Болатқызының «Қарағанды облыстық сотының сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру бойынша міндеттері», Қарағанды облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Евгений Серікұлы Әбішевтің «Облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстары» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, талқыланады.
Семинардың соңында іс-шараға белсенді қатысқан Қарағанды облысы құқық қорғау органдарының өкілдері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттарымен марапатталады.