«Қазақстан достық мекені» тақырыбында ҚарМИУ-нің студенттері үшін көрме және тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырды


14-20 қыркүйек аралығында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері Теміртау қаласындағы Қарағанды Мемлекеттік Индустриялды Университетінің «Рухани жаңғыру» залында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Қазақстан достық мекені» тақырыбында университеттің студенттері үшін көрме және тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырды.
Қазақстан халқы тілдер күні жыл сайын аталып өтіледі. Осы күні еліміз көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, ғылыми конференциялар, көрмелер, концерттер, оқушылар арасында ана тілінде білімдерін сарапттау бойынша фестивальдер мен викториналар өткізіледі.
Бұл мерекені атап өтудегі мақсат – көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін сақтау, қазақ тілін дамыту мен кеңінен тарату, өскелең ұрпақты тек өз халқының ғана емес, еліміздегі барлық халықтың мәдениеті мен салт –дәстүрін құрмет тұту рухында тәрбиелеу. Аталмыш көрмемеміз бен тақырыптық экскурсияларымыз да Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түрлі кезеңдерде әр елдің делегациялары тарту еткен сыйкәделер мен еліміздің аумағында тұрып жатқан, Қазақстанды өз Отаны санайтын түрлі халықтардың мәдениетін бейнелейтін шығармашылық кәсіптік бұйымдар ұсынылған. Бұл заттардың барлығы өзіндік селбесуді құрап,Қазақстан халықтарының мәдени және этникалық әртүрлігі жайлы баяндайды.
«Қазақстан достық мекені» тақырыбындағы көрмеде Болгария Президенті Петр Стоянов (1997-2002 жж.) Н. Ә.Назарбаевқа сыйлаған мыс ыдыстардың жиынтығы, Қырғызстан Республикасының делегациясының –2003 жылы тарту еткен тау текесінің мүйізінен жасалған «Рог» деп аталатын кәдесый композициясы, Белоруссия Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко 2013 жылы тарту еткен «Сокровища Беларуси» кітабы, т.б. елбасымызға шет ел мемлекеттерінің басшылары сыйға тартылған кәдесыйлары студенттер назарына ұсынылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты тек қана бұл сыйлықтарды көрсетіп қана қоймай, Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бейбітшілікте өмір сүріп, өздерінің ана тілдерінде еркін сөйлеп, оларға үкімет тарапынан ешқандай қысым көрсетілмейтіндігін және осы мерекенің атап өтілуінің басты мақсатын экскурсия жетекшілері студенттерге жеткізіп, олардың тарапынан қойылған сұрақтараға жауаптарын берді.