«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты республикалық конференция

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасының туған жері Шамалған ауылында «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктері, Елбасының тәуелсіздік тұғырын нығайту жолындағы ерен еңбегі мен сарабдал саясаты туралы сөз қозғады. Ұлы дала елінің тәуелсіздігін нығайту жолындағы дара жолына баға берді. Келелі кеңеске Тұлғалар қаласы Теміртаудағы киелі шаңырақ «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК ғылыми-зерттеу және экспозициялық көрме бөлімінің басшысы Ү. Есмұрзаева да қатысып қайтты. 10 жылдық мерейтойы ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған Орталық ұжымының атынан ұйымдастырушыларға естелік сыйлықтарын табыс етті. Ұйымдастырушылар Елбасымыздың көрегендігі мен дара жолын әңгіме арқауы еткен конференцияға қатысушылар жасаған баяндамалар негізінде арнайы жинақ шығарды. Жинаққа Орталығымыздың бұрынғы ғылыми қызметкері марқұм Қуатбек Әйімбетұлы Мәмбетовтың «Рухани жаңғыру-саяси және экономикалық жаңғыруларлың өзегі» атты баяндамасы енген.