Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Тәуелсіз елдің – ұланымыз! | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Тәуелсіз елдің – ұланымыз!


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 20 желтоқсан күні Теміртау қаласындағы №2 ЖББОМ ұжымымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты зияткерлік білім сайысын ұйымдастырды.
Іс-шараға жоғарғы сынып оқушыларынан құралған 3 команда қатысты. Әуелі Тәуелсіздік тарихына қатысты арнайы дайындалған бейнебаянмен танысқан оқушылар білім сайысының көркінеліміздің тарихы мен ұлы тұлғаларына, қасиетті қазақ даласының тарихи нысандарына байланысты қойылған сауалдарға жауап берумен қыздыра түсті.
Зияткерлік сайыстың басты мақсаты оқу ордасының 10-11 сынып оқушыларына басты байлығымыз Тәуелсіздіктің маңызын жете түсіндіру, олардың ел-жер, ұлы тұлғаларға қатысты білімін, танымдық деңгейін арттыра түсу.Өз қатарластарынан құралған топ оқушыларымектеп бағдарламасында кездесетін сауалдарға жауап беру барысында өзара ақылдасу, көпшілікпен пікірлесу арқылы бар мүмкіндіктерін паш етті. Сұрақтар да Лэд экранның көмегімен ұяшықтар түрінде ұсынылды.Бұл да оқушылардың зияткерлік сайысқа деген қызығушылығын арттыра түсуге септігін тигізді.
Ал, шара қонақтары Тәуелсіздік күніне орай дайындап келген рухты жырларын оқып, әсем әннен шашу шашты. Іс-шара соңында Орталық басшысының негізгі істер бойынша орынбасарыГ.С. Кударинова барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысетті. Сондай-ақ бұл кеште ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың өзі қолдау танытқан «Мен қазақпын» әніне челленджі үшін бейнебаян түсіріліп, ТПТМО ұжымы оны ҚР ІІМ-нің Қарағанды Полиция академиясының ұжымына жолдады.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308