Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өткізілген Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шара туралы

15 наурыз 2018 жылы сағат 14.00-де Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шара болып өтті.

Іс шараның мақсаты – Наурыз мейрамының мәні мен мағынасын ашып көрсету, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау болып табылады.

Наурыз мерекесіне Елбасының қызметтестері, қазақтың ұлттық киіз үй жабдықтарын жасаушы шебер, қаламыздың тұрғыны Құлымбетов Орынбек, дәстүрлі ән орындаушысы Мұқағали Нұрмаханов, «Магнитка» ардагерлер ансамблі және басқа да арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шараға арнайы көрме дайындалып, оған қазақтың киіз үйінің жабдықтары, тұрмыстық заттары, қолөнер бұйымдары қойылды.

Көрмеде Теміртау қаласы бойынша қолөнер шеберлері жарысының жеңімпазы, «Қазақстанның үздік бұйымдары» ЭКСПО-2017 байқауының жүлдегері Азат Көлбаевтың жеке заттары қойылады.

Көрменің ашылу салтанатында «Көрісу», «Тұсау кесер», «Наурыз бата» сияқты ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, қаламызға белгілі әншілер мен би ұжымдары өнер көрсетті.