Warning: "continue" targeting switch is equivalent to "break". Did you mean to use "continue 2"? in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x/qtranslate_frontend.php on line 497

Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
Теміртау қаласының мектеп оқушыларына арналған «Жас экскурсия жетекшілері мектебі» атты оқыту семинары өткізілді. | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Теміртау қаласының мектеп оқушыларына арналған «Жас экскурсия жетекшілері мектебі» атты оқыту семинары өткізілді.

Биылғы жылдың 17 ақпанында «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы« аясында Теміртау қаласының мектеп оқушыларына арналған «Жас экскурсия жетекшілері мектебі» атты оқыту семинары өткізілді. Мақсаты-оқушыларды «экскурсия жетекшісі» мамандығымен тереңірек таныстыру,қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту,жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беріп,болашақ мамандық таңдауда оң мотивация құру болып табылды. Семинар барысында қатысушыларға практикалық тапсырма ретінде экскурсиялық істі жүргізудің тарихы мен экскурсия жүргізушісінің негізгі және қосымша міндеттері туралы сауалдар алынды.Сондай-ақ семинарға қатысушыларға ұсынылған жәдігерлермен танысу, инвентарлық картаны толтыру мүмкіндіктері де берілді.

Мұнымен қатар олар экскурсияны әзірлеу мен жүргізу жұмыстарымен танысты.Жас экскурсия жүргізушісіне көмек ретінде»Экскурсия жетекшісінің шеберлігі» атты қысқаша әдістемелік ұсынымдар кітапшасы әзірленді.Семинарға қатысушылар «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының» жұмысымен де танысты. Ал бөлім басшылары балаларға әр бөлімнің айналысатын негізгі қызметтері жайлы әңгімелеп, жұмыс барысын көрсетті.

Осыдан кейін семинарға қатысушылар үшін білікті экскурсия жетекшілері орталық залдары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай -ақ жас экскурсия жүргізушілеріне де кезек беріліп, олар тәлімгері алдында өздері даярлаған экскурсиялық жобаларын таныстырып, қорғады.Оқушылар бұл тапсырманы орындауға жауапкершілікпен қарап,аса қызығушылық танытты. Экскурсия жүргізудің мәтінін құрастырып, оны тәлімгері орталық қызметкерінің назарына ұсынды.
Семинар соңында қатысушыларға « жас экскурсия жетекшісі мектебінен» дәріс тыңдағандығын растайтын сертификаттар табыс етілді. Шараға қаламыздың 20 мектебінен 57 оқушы қатысты.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308