Балалар біздің болашағымыз!


1 – маусым Балаларды қорғау күніне орай Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласында орналасқан аула клубтарының тәрбиеленушілеріне және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арнап «Балалар біздің болашағымыз» тақырыбында ойын-сауықтық бағдарлама өткізді.
Бағдарламаның басты мақсаты Халықаралық мерекелеріне орай балалардың көңілдерін көтеру, қоғамдық ортаға бейімдеу және біртұтас Қазақстанның ертеңі болуына өз сенімдерін қалыптастыру. 5 кезеңнен тұрған бағдарлама аясында бүлдіршіндер асфальтқа туған жерлері туралы сурет салып, өнерлерін көрсету арқылы бекеттерден өтті. Ән айтып, би биледі. Сонымен қатар Орталық қызметкерлері ұйымдастырған музыкалық флешмобқа қатысты.
Іс-шараның соңында балаларға Орталықтың және қаламыздағы кәсіпкерлер тарапынан дайындалған сый-сияпаттар үлестіріліп, бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.