Өнегелі өмір жолы

Ақпанның 7 күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Өнегелі өмір жолдары» атты Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің профессоры, кафедра доценті Төлеутай Смақұлы Байғабатовтың 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты – бар мағыналы өмірін жас мамандарды әзірлеуге арнаған білікті ұстаздың еңбек жолын жастарға үлгі ету. Оларға аға ұрпақтың ізденімпаздығы мен еңбекшілдігінен үйренуге, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.
Теміртау қаласының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында металлургтер қаласының іргетасын қалап, осы қаламен бірге жасап келе жатқан Төлеутай Смақұлы секілді аға ұрпақ өкілдерімен кездесудің жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Іс-шараға қалалық ақсақалдар алқасының , ардагерлер Кеңесінің мүшелері, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысады.
Кездесу кеші барысында ардагердің өмірі мен қызметтік жолы жайлы слайдтар көрсетіліп, әріптестері мен шәкірттерінің лебіздері тыңдалды. Соңында іс-шара қонағына Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы басшысының м.а. Р.Е.Мұстафин алғысын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етеді.