Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
«Туған еліме мың алғыс!» атты байқау өтті | Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

«Туған еліме мың алғыс!» атты байқау өтті


ТұңғышПрезиденттің тарихи-мәдени орталығында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай 1-наурыз Алғыс айту күніне байланысты «Туған еліме мың алғыс» – атты байқау өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы ұсынысымен енгізілген атаулы мереке елімізде ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтуы, бейбітшілікті ту еткен байтақ Қазақстандағы береке-бірлікті одан әрі нығайта түсу мақсатына орайластырылған еді.

Осыған орай өткізілген іс-шараға қаламыздағы орыс тілді мектептердің оқушылары яғни, өзге ұлттың өкілдері көптеп қатысты. Олардың мемлекеттік тілге құрметін, елге деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу көзделген еді. Қалалық байқау негізі үш кезеңнен тұрды.

І – кезең қазақша өзін-өзі таныстыра отырып көпшілікпен сәлемдесу.

ІІ- кезеңде Сахнада қазақша немесе өз тілінде өз өнерін көрсету.

ІІІ- кезең қатысушының зияткерлік зеректігін білу үшін қазақтың салт-дәстүрінен, қазақ тарихынан сауалдар қою арқылы сол сұрақтар бойынша жауаптарын беру болып белгіленгенді. Байқау соңында өзін жақсы жағынан көрсете білген, жан-жақтылығымен, өнерімен және біліктілігімен, мемлекеттік тілді игергендігімен ерекшеленген қатысушы оқушыларға тиісті жүлделер табыс етілді.


Warning: Parameter 2 to qtranxf_postsFilter() expected to be a reference, value given in /var/www/vhosts/digisys.kz/temcenter.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308