«Заманауи Өзбекстан» атты көрме

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында сәуірдің 27 күні «Заманауи Өзбекстан» атты көрме ашылды. Көрмеге түрлі техника бойынша әзірленген Өзбекстан бейнелеу өнеріне тән сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің туындылары қойылған.Экспозицияның орталық бөлігінде Өзбек мәдениетінің түпнұсқалық заттары – музыкалық аспаптар, ыдыстар, өзбек ұлттық киімдері және тағы басқаларына орын берілген.Көрме өзбек әдебиетінің жауһарлары Алишер Навои, Айбек, Назира Сафарова және өзге де көптеген авторлардың ескі кітаптарымен толықтырылыпты.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық Үйінің өкілі Хожиакбархон Дадаханов – жобаның арнайы қонағы ретінде шақырылды.Ол қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде аталмыш жобаның мақсаты ұлтаралық бірлікті нығайту, олардың арасындағы толеранттық және өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал ету, интернационалдық байланысты дамытуға көмектесу екендігін атап өтті.
Көрмені әзірлеуге Қарағанды облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Достық Үйі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,М.Әуезов атындағы кітапханасы мен Теміртау қаласының Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі ұжымдары өз көмектерін берді.