«Бесікке салу-ұлттық тәрбиенің негізі»
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Бесік – ұлттық тәрбиенің негізі» атты диалог алаңы өткізілді. Мақсаты-халқымыздың бала тәрбиесіндегі озық салт -дәстүрлерінің маңызы мен тәрбиелік мәнін кеңінен насихаттау. Қазақ халқының ұрпақ өсірудегі атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет- ғұрыптарының өміршеңдігі мен маңыздылығының сыры туралы ой бөлісу, жастарды халықтық құндылықтарымызды бағалай білуге,оны құрметтеуге шақыру болып табылады. Өзекті мәселені талқылауға Теміртау қаласының ардагерлері, дәрігер мамандар, көп бала өсірген аналар мен жас отбасылары шақырылды.Іс-шара барысында баланы бесікке салу дәстүрі көрсетілді.